Басты жаңалықтарҚара бет

«Өнер деп есептемеймін» Зируза сахнада тұрып оңбай сөз естіді

Жақында отандық телеарнаның бірі ұсынған бағдарламада өнер көрсеткен Зируза сөгістің астында қалды.

Өз репертуарындағы «S.O.S » әнін орындаған Зирузаның әнін бел ортасынан бөліп тастап, сарапшылар сынай жөнелді.

«Стоп, ән деуге келмейді енді» деп бастады сарапшы ханым. «Ерікпе деп айтып жатырсың, сол еріккендердің әні ғой. Бұндайды тыңдап отыруға менің уақытым жоқ.» деген с ыншы ханым мынандай дүниені сахнаға шығаруға қарсы екенін де жеткізді. Өзге де сарапшылар әншінің сырт киімін де сынға алып, әннің сөзінің сапасыздығын алға тартты.  Өзіне қатысты ғайбат сөздерді үнсіз тыңдап отырған Зируза қол шапалақтап қана құтылған еді.  Әннен көңілі қалған сарапшы студиядан шығып кетуден тайынған жоқ. Орынды-орынсыз сындардан талантты бойжеткенді арашалап қалу продюсер Ерлан Алимовтың де қолынан келмеді. Әншінің жанкүйерлері айтылған сындарды тым өрескел деп бағалауда.»Беу» бағдарламасының бірінші шығарылымы, осылайша, қарама-қайшылықпен басталды. Ең қызығы, жобада өнер көрсеткен Нұрболат Абдуллин қазылар көңілінен шығып, плагиат әнімен де баурап алды. «Сарапшылар талғамға талас жоғын ескермеген сыңайлы»- дейді көпшілік.

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close