Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Алуа Қонарова кіммен қош айтыспақ?

11 жыл бойы Қонарованың қанатында самғап келе жатқан  «Ринголықтардың» мамасы — Алуа ханым «RinGo WORLD» продюсерлік орталығын толық жаңартып, трансформация жасамақ. Жақында ғана «Ayumi» тобының жаңа құрамын таныстырып, «Рензолықтарға» жаңа бейнебаян түсірген орталық қызу жұмыс үстінде. Алуа Қонарованың өзінің мәлімдеуі бойынша жақында орталықта біраз өзгеріс болмақ. Тағы бір таңқалдырар жаңалық, жұмыс жасап келе жатқан бір топпен қош айтыспақ екен. Әзірше ол қай топ екені белгісіз. Бірақ шешім толық қабылданғанға ұқсайды. «Жұлдызды болжам» жасап, саралап қарасақ, Ринголықтар тек топ та емес, онымен қатар әрқайсысы жеке жұмыс жасап, отбасылы болып та үлгерген. Бәлкім, Алуа ханым осы топтың ізбасарларын іздеуде болар? Белгісіз. Ғұмырлы топты көпшілік жақсы көріп үлгергендіктен қимаушылық басым. Қонарованың тағы бір жаңалығы, көбіне топпен жұмыс жасайтын орталыққа жеке ән айтатын қос бірдей өнерпаз қосылмақ екен. Олай болса, барлығын жақсылыққа балап, орталыққа сәттілік тілейміз!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close