ЖаңалықтарӘнші

Сәкен Майғазиев: «Әрине, «Ә» дегені мың доллар болса, сен де жас көрінесің»

«Музарт» тобының әншісі, қазақ эстрадасында аға буын өкілі Сәкен Майғазиев жағымсыз пікірлерге байланысты өз ойын айтты деп хабарлайды «Жұлдыздар әлемі» порталы.

Жағымсыз пікірлерге өнер иелерінің еті үйреніп кеткен. Адамдармен жаға ұстасып отырғанша, керісінше бақыт тілеп отырады. Солардың бірі — Сәкен Майғазиев. Оның айтуынша: «Баяғыда әлі күнге дейін есімде Нұрлан Еспанов екеуміздің суретімізді көріп, біреу Нұрлан Еспанов жас көрінеді иә десе, біреу жазып жіберіпті. Әрине, «Ә» дегені мың доллар болса, сенде жас көрінесің деп. «

Оған Сәкен аға:»Сосын мен тілек жазып жібердім. сіздің де балаңыз «Ә» дегенде мың доллар болсын, сіздіңде балаңыз іскер болсын, сіздіңде балаңыз кәсіпкер болсын. Бір айлығы мың доллар болсын, бір айлығы бес мың доллар болсын деп жақсылық тіледім. Менің парақшама ғайбат айтқан адамға жақсылық тіледім.»

Қуанышқа ортақтаса білу жақсы адамның қасиеті дейді Сәкен.

Сол сияқты адамның жүрегі таза болса, кез-келген адамның қуанышына қуана берсе. Әбіш Кекілбаев әкеміз аузынан тастамайтын. Қуана білмейтінге құт қонбайды, бағалай бермейтінеге бақ қонбайды деп. Сол жүрегімізді қарайта білмеуіміз керек, жақсылыққа қарай икемделсек, алдыға қарай тарта береді деп өз басым ойлааймын.

Майғазиевтің осындай ойларының, жасаған амалдарының арқасында елге сыйлы, өнердегі әріптестеріне абыройлы аға боп жүрген бірден бір себебі осы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close