ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Айсәуленің ұзатуында жұлқына билеген Аша Матай ұятқа қалды

Бір аптада екі-ақ рет бұйыратын демалыс Баян Есентаеваның қызы Айсәуленің ұзатылуындағы қызықтармен толықты. Желі қолданушылар арасында да гу әңгіме толастар емес. Бірі — Баянның ex-жұбайы, Айсәуленің әкесі туралы сөз етсе, енді бірі Айсәуленің өзін сынның астында қалдырды.

Дегенмен, тойда болған қызықтар легі туралы да біраз сөз боп жатыр. Әсіресе, «Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі, әнші, актриса Аша Матайдың тойдағы биі қызу талқыланды.

Бір қызығы, Айқынның туған күнінде билеймін деп жанын салған Баян Есентаеваның қылығындай сынға ұшырамады. Қайта Ашаны қолдағандар көп.

Тойдың сәнін бимен әрлегендер қатарында Айгүл Иманбаева мен Азамат Сатыбалды да бар. Билері өздеріне жарасып-ақ тұр.

https://www.instagram.com/p/BujNuFrBfA_/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=1vy7jvp5jqck0

Әрине, би билеген жақсы. Тек шектен шықпаса. Солай емес пе? Сіздер қалай ойлайсыздар «Жұлдыздар әлемі» порталының оқырмандары?

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close