Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

«Анаға апарар жол» көрермен көзімен…

Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинофильмі көпшіліктің көңілінен шығып жатқан сөзсіз, фильм көрермендерге қалай әсер берді, фильм қай жағынан ұнады, назарларыңызға фильмді көрген көрермендердің пікірлерін ұсынамыз!

Әсем (Инстаграм желісінен:sema_0101): Бұл фильм маған өте қатты ұнады. Әр қазақ көруге міндетті фильм деп ойлаймын. Киноны көріп отырып жыладым… Күйініштен жыладым… Өз перзентін бір көруге зар болған ана жүрегінің тілімделгенін көріп жыладым… Қазағымның көрген қасіретін көріп жыладым… Балалар анасынан, аналар балаларынан айырылмаса екен! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай.
Кейіпкер рөлдерін тамаша аша білген актерлерге алғыс айтамын.

Әдемі Мақсатқызы (Инстаграм желісінен:a__d__e__m__a): Бұл отандық туындыны әр қазақ көруге міндетті деп ойлаймын! Қазағымның көрген қайғы-қасіретiн, анасының баласын бiр көруге зар болатындығын, аштық кезеңін, шынайы, таза махаббатты тарихтан қанша оқып жаттасам да, елестете алмаппын. Бұл туындыдан осы көріністерді көріп көзіңе жас келеді.. Бүгінгі таңда қарын тойса да, көз тоймайды деп тамақтанамыз, ал бұрын бiр тiлiм нанға зар болып, сол бiр тiлiмдi қанша күнге жеткізген десеңші.. Тарихымызды ұмытқызбайтындай, санамызға қанша ой салатындай етiп түсірілген туынды үшін Ахан Сатаев ағамызға мың да бiр алғыс! Бұл фильм жоғары деңгейде түсірілгенi сонша, адам қайтыс боларда тiлiн кәлимаға келтіруді де ұмытпаған. Өте ұнады.. Ел үшін, жер үшін жандарын қиған ата-бабамызды, тарихымызды ешқашан ұмытпай, осы тәуелсіз Қазақ елімізді сақтауымыз қажет!

Айдан Мұханбетова (Facebook желісінен): Соңғы 2-3 айда көрген ең әсерлі кином осы шығар. Сіздерге де көруге кеңес берем. Ананың балаға деген шексіз маxаббатынан бөлек, қазақ жігіттерінің намысшыл, досқа адалдығы, батылдығын көріп бір
мақтанып алуға болады. Жалпы Отандық кинолардың жылдан-жылға бір-бірінен озатын туынды шығарып жатқандығына қуанам. Залда біз ғана отырдық, өкінішке орай қаптаған көрермен жоқ, жылап-жылап көзіміз істі, актерлік шеберлікте өте жоғары, әрбір кейіпкер үшін уайымдап отырдық.

Елғонды Ахметов (Facebook желісінен): Жақында Ахан Сатаевтің «Анаға апарар жол» атты киносын тамашалаудың сəті түсіп еді. Керемет. Ахан Сатаевтің жүрегінде əбден піскен дүние екені сезілді. Ахан » бұл фильм- өмірде болған оқиғалар желісіне түсірілген фильм жəне барша аналарға арнаймыз» деп, кино басталмай айтып өтті. Рас. Қазақтың 20-шы ғасырдағы көрген өмірі суреттеледі.
Мариям ана (Алтынай Нөгербек) — ғұмыры баласын ойлаумен, күтумен өтеді. «Шіркін, ананың жүрегіне төтеп беретін күш жоқ шығар, сірə» деп бір ғұлама айтқан екен, расында, солай. Осы кинода ғұламаның сөзі тағы да бір дəлелденеді. Фильмде анасы мен ұлының кездескен сəтін көргенде көзіне жас алмайтын адам кем болатын шығар.
Ильяс (Əділ Ахметов) — қайсарлы, қайратты, жігерлі, мейірімді жүректің иесі. Соғыстағы ерліктері — аталарымыздан естігенімізді, кітаптардан оқығанымызды көз алдымызға келтіргендей болды. Соғыста қазақ жауынгерлері тек батырлығымен танылған деп ақсақалдарымыз көп айтушы еді. Қандай қиыншылық көрсе де, шыдап, анасы мен сүйіктісін ойлаумен, іздеумен болады.
Үміт (Аружан Джазильбекова) — пəк, таза, адал, төзімді жүректің иесі. Үміт үмітін үзбей, ғашығын аңсаумен, күтумен ғұмыр кешеді. Бұндай жүректі мөлдір сумен жусаң, кірленіп қалатын сияқты көрінеді.
Қазіргі таңда небір кинолар түсіріліп жатыр, атыс-шабыс, боевик, комедия т.б. ал, » Анаға апарар жол» секілді, жүректі тербейтін, толғандыратын, ой салатын кино некен-саяқ. Түсірілім тобына, барша атсалысқан жандарға алғыс шексіз.
Бұл туындыны аналарымызбен бірге көру керек. Өз басым солай істедім.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close