Басты жаңалықтарСпорт

Головкиннің қарсыласы анықталды

1378540934_73048_451853394850372_2070843835_n

Бүгін Лас-Вегастағы «Мэндэлэй Бэйде» WBC тұжырымының әлем чемпионы атағына пуэрторикалық Мигель Котто (40-5-0, 33-2 KO)мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (46-1-1, 32-0 KO) кездесті. 12 раундтық жекпе-жекте ұпай санымен мексикалық Альварес жеңіске жетті. Бұл жеңісінен кейін Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесіп, өз атағын қорғауға тиіс . Коттомен кездесуден соң Сауль Канело ешкімнен қорықпайтынын, егер Головкинмен, қажет болса, дәл қазір кездесуге  дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Котто-Альварес кездесуінен шыққан соң, Головкин де жекпе-жек туралы: «өте жақсы жекпе-жек болды. Қарсыластар жақсы дайындалған екен» деп өз ойын білдірді. Сонымен қатар Альвареспен кездескісі келетінін жеткізді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close