Жаңалықтар

Жас жігіт сахнада тұрған Айгүл Иманбаеваға сезімін білдірді

Гастрольдік сапармен халыққа есеп беру кешін өткізіп жүрген әнші Айгүл Иманбаеваға жас жігіт сезімін арнады.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Сахнаға рұқсатсыз шығып кеткен азамат Айгүлге деген көңілін көпшіліктен именбей айтып салды. Сізді апамның арқасында жатқан кезден ұнатамын деп ағынан жарылған азаматты Иманбаева келеке қылды. «Мені құнтақта жатқан кезде ұнатқандар да болған, сен кешіктің» деп бір қағытса, онымен қоса «маған сен сияқты донкихот жетіспей жүр екен ғой» деп сөзді әзілге айналдырды. Диалогқа қарасақ оқиға Казталовка ауданында болғанға ұқсайды. Пікір білдірушілердің сөзіне сенсек бұл алдын ала жасалған қойылым, себебі ғашық жігітті сомдап тұрған азамат Оралдық актерді еске түсіреді. Желі қолданушылары Айгүлдің сахнада көрсеткен дөрекілігін сынап тастады.

Загрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close