ЖаңалықтаржоғарыӘнші

«Қызыммен қарым-қатынасым бұзылды»: Абай Бегей үлкен қызымен болған кикілжің туралы айтып берді

Танымал әнші Абай Бегей үлкен қызы жайлы, онымен қарым-қатынасының бұзылуы жайлы ашық айтты.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы, «Жұлдыздар отбасы» журналына сілтеме жасап, хабарлайды.

«Үйленгеннен кейін туыстар арасында менімен қарым-қатынасын үзгендер де болды. Несін жасырайын, қызымыз екеуміздің арамызды алшақтатқысы келетін азғырушылар бар. Соның кесірінен қызыммен қарым-қатынасым бұзылды. Үлкен қызыма бәрін түсіндіріп ақыл айтатын адам табылмай тұр. Алайда мұның барлығы уақытша нәрсе деп ойлаймын. Мен өзім үшін емес, кішкентайларым үшін қайтадан отау құрғанымды олар түсінер емес. Мен осы уақытқа дейін не істесем де балаларым үшін істедім. Тырбаным еңбек етіп жатқаным да осы балалардың қамы. Ерте ме, кеш пе — бәрі оңалар деп үміттенемін. Үлкен қызым да мені түсінетін кез келер», — деп жауап берді әнші.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close