жоғары

Көзіме көрінбесін. Сиви Маxмуди өзін «лақтырып» кеткен жігіттерге ашуы қара қазандай.

Сиви Махмуди өзінің қарамағындағы «Саламат» тобына қайта жігіттер жинауға кірісті. Оның бұрынғы топ әншілеріне өкпесі қара қазандай екен. Тіпті Сиви олардың танымал болуына бұдан-былай мүмкіндік бермейтінін айтты деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, олар Сивидің ту сыртынан пышақ сұғып, өзге продюсерлерді жағалап кеткен.

«Бір жылдық шығармашылық кештің өзі 500 мың доллардай тұрады. Оларды үнемі концерттерге қосып, атақты әншілермен қатар алып жүрдім.

Алайда олар «Таныс таптық, енді Сивидің не керегі бар?» деген шығар. Заң бойынша сотқа берейін десем, олардың түгі жоқ. Жағдайын білген соң, ата-анасын аяймын.

Ішіндегі ең суайты Әлихан Махин Қарақат пен Қыдырәліге барыпты. Мен ол жігітке қанша жақсылық жасасам да, солай жасапты. Оны маған әкем айтып келді.

Сосын мен Қарақат әпкеге қоңырау шалдым. Ол жігіт менің жобамда екенін ескерттім. Ол кісі: «Ол жұмысқа мен араласпаймын. Бірақ ондай болса, мен ала алмаймын. Сені сатқан адам, кейін бізді сатып кетпесіне кепілдік жоқ?” деді.

Олардан қатты көңілім қалды. Ең болмаса рахметін айтып кетпеді», — деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ, Сиви енді оларды қайтадан көргісі келмейтінін айтты.

«Қатты ренжулімін. Мен оларды ешқашан кешіре алмаймын. Көргім де келмейді. Жаманшылықтан Құдай сақтасын. Бірақ мүлдем көзіме көрінбесін», – деді ренжулі әнші.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close