Басты жаңалықтарСараптамаларШоумен & Тұлға

Ең сымбатты жүргізушілер кімдер?

http://comode.kz/ сайты ең сымбатты тележүргізушілерді жариялап, олар туралы мағлұмат беріп жариялаған болатын. Көрермендерді сүйікті тележүргізушілеріне айналған жігіттерді назарларыңызға ұсынамыз.

                                                                                                               Талғат Алманов

ТалгатТалғат Аманов -Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Телевидение саласына студент шағында келген. 2010 жылы Талғатты бір жобаға шақырып өзі жүргізіп, өзі монтажын жасап, жобаның редакторы да өзі болған. Талғат қазіргі таңда еліміздің ең үздік арналарының бірі «Хабар» арнасында Жаңалықтарды жүргізеді.

                    Нұрсұлтан Құрман

0D1Sk-2ilPk«Хабар» арнасының тағы бір жұлдызы Нұрсұлтан Құрман. Нұрсұлтан эфирге алғаш рет 6 жасында Шымкент қаласындағы «Отырар» арнасында бағдарлама жүргізген. Нұрсұлтан Құрман «Жарайсың», «Орталық Хабар», «Жеті күн» бағдарламаларын жүргізген болатын, қазіргі таңда Баян Есентаеваның «Жанды дауыс» бағдарламасын жүргізуде.

                                                                                                            Жамбыл Зейнолла

Жамбыл Зейнолла

Жамбыл Зейнолла ең алғаш эфирге «Қазақстан — Павлодар»  арнасында шыққан болатын. Жамбылдың журналист болуын анасы қалаған екен, Жамбыл қазіргі таңда «24 KZ» арнасының белді жүргізшісі. Жамбыл баласы болған уақытта оның да баласы журналист болса екен деп армандайды.

                                                                                                               Денис Бобылев

Денис БобылевДенис тележүргізуші боламын деп мүлдем ойламаған, Денистің негізгі мамандығы «Ақпараттық жүйелер». Денистің досы тележүргізушіге кастинг болып жатқанын естіп, Денистің орнына түйіндеме жіберген болатын, содан жаңа реалити шоудың жүргізушісі Денис болған екен. Денис Бобылев «Ән — шаңырақ», «Қалайсың», «Я шопоголик» бағдарламаларын жүргізген болатын.

    Ринат Сафаргулов

Ринат СафаргуловРинат Сафаргулов қазіргі таңда ең беделді әрі бай журналисттердің қатарында. Ринат өзінің сүйікі жұмысын Қырғыз елінде бастаған болатын, Қазақстанда жүргізген ең алғашқы бағдарламасы «Қалайсың». Ринат қазіргі уақытта бағдарламаларды ғана жүргізе қоймай, концерт, тойларды да жүргізеді.

         Арыстан Балтин

Арыстан БалтинАрыстан Балтин телевидениеге бірден Жетінші арнаның Жаңалықтарын жүргізуден бастады. Қазіргі таңда Жетінші арнада жаңалықтарды жүргізбейді, сондықтан қазір Арыстан кино әлемінде бағын сынауда. Арыстанның сүйікі ісінің бірі қайырымдылық жасау.

          Тәуекел Мүсілім

ТауекелЕгер бұл санатқа Тәуекел Мүсілімді қоспасақ, Көрермендердің Тәуекелді неге қоспадыңыздар деп айтуы әбден мүмін. Тәуекел қазіргі таңда әнші, актер, тележүргізуші әрі продюсер. Тәуекел ең алғаш эфирге «Ел арна» арнасындағы «Ән арна» бағдарламасында шыққан болатын. Тәуекел қазіргі таңда «Жаңа күн», «Ревю» бағдарламаларын жүргізіп жүр.

http://comode.kz/ сайтындағы мақаланы қазақша аударған Ғалымжан Сәңкібаев, кейбір мәліметті «Жұлдыздар Әлемі» интернет порталы өздері қосқан болатын.


 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close