Басты жаңалықтарСұхбаттарӘнші

Бердібек Құлғараев: Сөзбен ағынан жарылып айта бергеннен не пайда, одан да іспен дәлелдеген жөн.

Бүгінгі сұхбатымыз «Дауыс KZ» тобының әншісі Бердібек Құлғараевпен болмақ. Топтың шығармашылықтарын да қандай жаңалық? Бауыржан Ретбаев пен Бердібек Құлғараевтың аралары суып кеткені рас па? Осы сұрақтардың жауабын Бердібек Құлғараевтың біздің порталымызға берген сұхбатынан оқи аласыздар.

Screenshot_3

— Бердібек сұxбатымызды туған жеріңнен бастасақ…

Менің туылған жерім Маңғыстау облысы, ЖаңаӨзен қаласы.  Сол киелі өлкеде 1991 жылы 28 желтоқсанда дүние есігін аштым. Екі жарым жасымда жанұямызбен станция Мұнайлы ауданы Маңғышлыққа қоныс аудардық. Сол баяғы көшпенді қазақпыз ғой, ол жерден де 5 жасымда Ақтау қаласына көштік. Сол Ақтау қаласында мен 1 ші сыныпқа бардым мектептен түлеп ұштым! Шығармашылығымның алғашқы баспалдағы да сол қаладан бастау алды.

— Қазір «Дауыс KZ» тобының орындаушысы өзің ғана, жалғыз ән салу қаншалықты қиын, қаншалықты оңай?

«Дауыс KZ» тобында ән айту мен үшін тағдырыма жазылған үлкен бақыттың бірі деп есептеймін. Бүкіл Қазақ халықына, Эстрадамыздың бүкіл деп айтсам артық шығар, бірақ сол әртістердің 90 пайызына еңбегі сіңірген ұлы сазгер, гитарист, әнші Ұлықпан ағамызбен бір топта болу бәріне бұйыра бермейтін бақыт екенінде білемін. Сондықтан әр ісіміз енді ұқыппен, талғаммен, ләзатпен шығып жатыр. Қиын оңай кездеріде болады әрине оның бәрі еңбектің арқасында болатын нәрсе.

— Әншіліктен басқа қандай өнерің бар? Мүмкін ашылмай жүрген өнерің бар шығар…

Әншіліктен өзге мен сурет салуды жақсы көремін, бос уақытта шабыттанып отырып бір суреттерді саламын, әрине кәсіби суретшілермен салыстаруға келмейді бірақ ұнайтын болғандықтан сол іспен айналысқаннан бір керемет ләззат аламын, біле білсеңіз әншіліктен өзге мен студент шағымда актерлік қырымды көрсеткенмін, ол Ромео Дджульетта мюзиклі. Алғашқы қойылым болсада барымызша тырысып басты рольдеге Ромеоны сомдадым, оныңда жемісі болды, Оңтүстік корея елінде сол мюзиклмен Алтын Кубокты жеңіп қанжығамызға байладық.

Дауыс

— Көрермендердің көпшілігі қазір Бердібек пен Бауыржан араласпайды дейді. Қазіргі таңда Бауыржанмен қандай қарым-қатынастасың?

Ия осы сұрақ топтан Бауыржан кеткелі жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Көптеген сұхбаттарда айтып кеттім, біз Бауыржан екеуміз топ құрылмай тұрғанда , топтың ішінде бірге болғанда қандай болдық, топтан кетеннен кейінгі ара қатысымыз одан әрі күшейіп жақсармаса, кем емес. Ол, менің тағыда айтып өтейін, інім, жанбауырым.

— Жақында Швеция еліне барып келдіңіздер, ондағы сапарларыңыз туралы толығырақ айтып өтсең…

Швеция елінен өте керемет сезіммен оралдым, шет елдің өнер дәрежесі әлдеқайда жоғарыда екеніне көзім жетті. Ол жақта Лұқпан ағаның авторлық әндерін шет тілінде орындап үнтаспа жазу мақсатында барғанбыз, жұмыстың 3/1 бөлігі бітті, онымен қоса сол жақтағы Әлем аруы 2015 Швецияда өнер көрсетіп келдік.

ДауысКЗ

— Шығармашылық туралы көбірек айтып кеттік, енді жеке өмірің туралы әңгімелессек. Жеке өміріңде қандай жаңалықтар болып жатыр?

Жеке өмірім туралы көпшілікке жария қылғым келмейді. Менің ойымша жеке өмір ол жеке өмір болып қала беру керек секілді. Оны бәріне айтсаң ол жеке өмір емес болып қалады. Сондықтан бұл сұраққа жауап жазуға кішкене кідіргім келіп отыр. Аллаға шүкір бәрі жақсы, ойдығыдай ептеп жүріп жатыр.

— Алдағы жоспарларыңмен бөлісіп өтсең…

Алға қойған жоспар өте көп, тек солардың қорытындысымен қуантқым келеді. Бәрі бір Алланың қолында, сөзбен ағынан жарылып айта бергеннен не пайда, оданда іспен дәлелдеген жөн сияқты. Енді алдыға уақытта аманшылық болса тыңдармандарымызды, қолдаушылармызды жақсы дүниелермен қуантамыз деген үлкен үмітіміз бар.

Соңында «Жұлдыздар әлемі» сайтына үлкен алғысымды айтамын, тек қана биіктерден көріне беріңіздер, талмаңыздар самғаңыздар, шығармашылықтарыңызда тек жақсы жаңалықтар көп болғай.

— Сізге де шығармашылық табыс тілеп, сынбай, тек қана алға самғай беріңіз дегіміз келеді.

Сұхбаттасқан: Ғалымжан Сәңкібаев

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close