ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Түріктің ең сексуалды актерлері

Түрік актерлері қазақ көрермендерін жаулап алғалы біраз болды. Ендеше «Жұлдыздар әлемі» порталы Түріктің ең сексуалды актерлерін назарларыңызға ұсынады.

Бурак Озчивит

Бурак Озчивитті қазіргі таңда бүкіл әлем таниды деуге болады. «Kara sevda» телехикаясынан кейін актердің танымалдығы одан сайын арта түсті. Актерді «Kara sevda» телехикаясынан бөлек, «Бозторғай», «Сүйлемен сұлтан», «Менің ағам», «Кішігірім сыр» сынды телехикаялардан көре аласыздар.

Актер өзінің әріптесі, актриса Фахрие Эвдженге 2017 жылы үйленген болатын. Жұлдызды жұп қазіргі таңда алғашқы сәбилерін күтіп жүр.

Барыш Ардуч

ФОТО: 24smi.org

Барыш қазақ көрермендеріне «Қыз ақысы» телехикаясы арқылы танылды.

Актер осы уақытқа дейін «Кішкентай ханымдар», «Мен үшін уайымдама», «Ракон: Менің отбасым үшін» сынды телехикаяларға түсіп, барша арулардың жүрегін жаулап алды.

Барыш, қазіргі таңда «Қыз ақысы» телехикаясындағы жұбы, актриса Эльчин Сангунмен кездесіп жүр.

Мехмет Гюнсюр

ФОТО: Libertatea

Мехмет көпшілік көрерменге «Сүйлемен сұлтан» телехикаясындағы Мұстафа Шехзаденің рөлі арқылы танымал.

Татардың қаны бар актердің негізгі мамандығы журналист. Түрік пен татардың қаны бар Мехмет италиялық лицейді бітірген. Жеке өміріне келетін болсақ, актер италиялық режиссермен шаңырақ көтерген. Қазіргі таңда, бұл жұптың Әли және Майю есімді балалары бар.

Чагатай Улусой

ФОТО: GazeteMAG

Чагатай 1990 жылы Түркияның Стамбул қаласында өмірге келген. 2010 жылы «Best model of Turkey» атты модельдер байқауында жеңіске жетіп, сол күні «Мен оны Ферихамын деп атағанмын» телехикаяда басты рөлге түсуге келісім шартқа қол қойған болатын. Осы телехикаяның арқасында актер көпшілікке танымал актерге айналды.

Актер қазіргі таңда «Netflix» арнасы түсірген алғашқы «The Protector» атты телехикаяда басты рөлді сомдап жүр.

Арас Булут Ийнемли

ФОТО: Temiz Magazin

Арас кино әлеміне 16 жасында, яғни 2006 жылы келді. Актер алғаш рет «Аллея қайтып келу» телехикаясында ойнады. 2010 жылы «Құнсыз уақыт» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдап, танымалдыққа ие болды. Бұл телехикаяны қазақ көрермендері де отандық арналардың бірінен тамашалаған болатын.

Актер соңғы рет 2017 жылы «Яма» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған болатын.

Толга Сарыташ

Қазақ аруларының жүрегін жаулаған актерлердің бірі. Көпшілік қауым Толга Сарыташты «Сұлтан Сүлеймен» телехикаясындағы Джихангир шехзада рөлі арқылы таниды.

Актер соңғы рет 2018 жылы жарыққа шыққан «Жаман жігіт» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close