ЖаңалықтарӘнші

«Ғаламның үздік дауысы»: Екінші келе жатқан Димаш 369-шы орынға бір-ақ түсіп қалды

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Ғаламның үздік дауысы» деген америкалық шоуда бақ сынауда. Ол бір түн ішінде екінші орыннан 369 орынға түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

16 қаңтар күні кешкісін отандық әнші Димаш Құдайберген дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға жайғасқан еді. Ол поп-музыка королі атанып кеткен Майкл Джексонды артқа қалдырған болатын.

Түнде қызық жағдай орын алып, Димаш екінші орыннан 369 орынға бір-ақ сырғыған. Отандық әнші аз уақытта 16 мыңдай лүпіл жинағанымен, 113 мыңнан астам дизлайк басқан.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген америкалық шоуға қатысып жатқандықтан, оған отандастарының қолдауы қажет.

Қатысушыларға дауыс беру ranker.com сайтында жүргізілуде.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

  1. Димашқа жететін ешкім жоқ! Әлем мойындап қойған әнші ғой! Алла жар болсын! 2-орыннан анадай орынға түсу-миға симайтын нәрсе ғой! Өзі аман болсын!

  2. Димаштың тембірі ерекше,қайталанбас 100жылда бір туылаты дарын иесі,
    тек алға,тоқтама ,жасыма қазақтың ұлы димаш сен қайталанбас тұлғасің…

    1. Ия Димаш жас әнші әлі бәрі алда!Құдай қорғап,қолдасын.Денсаулығы мықты болсын✊

  3. Ия Димаш жас әнші әлі бәрі алда!Құдай қорғап,қолдасын.Денсаулығы мықты болсын✊

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close