Жаңалықтар

«Қазақстан аруы-2015» байқауының финалистері алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті

«Алматы аруы-2015» 20 жастағы Регина Вальтер жағажай волейболы бойынша спорт шеберіне үміткер. Ол барлық финалға шыққандар ару атына лайық, алайда Әлия Мергембаева бәрінен үздік шықты деп санайды.

«Біз достық қарым-қатынаста болып, бір-бірімізден көмегімізді аямадық. Бұл шоу барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке», — деп атап өтті ол. Регина өзі жұмыс істейтін модельдік агенттіктен кетпейді. 2016 жылы халықаралық байқауда Қазақстанның намысын қорғауға шықпақ ниетте.

Өз кезегінде теміртаулық 17 жастағы Екатерина Дворецкая өз дайындығы қалай өткенін, Астанада қыздар немен айналысқанын айтты.
«Қызу дайындық жүрді. Әр нәрсеге үлкен мән берілді. Байқауға үш апта дайындалдық. Күнде репитиция жүргіздік. Жарыс басында фотосессия өтті, түрлі акцияларға қатыстық, қарттар үйіне, балалар үйіне бардық. Әр қатысушы өзіне үлкен тәжірибе алды деп ойлаймын», — деді ол.

Ол барлық қыздармен дос болып кеткенін айтты. Енді Қазақстанның әр бұрышында құрбысы барына сенімді. Ол жетістіктерге өз күшімен жеткісі келетінін айтып өтті.

«Қысқа уақытта іштей де, сырттай да өзгердім, суда жүзуді үйрендім, шет тілдерін үйреніп жүрмін. Інім өсіп келеді. Оны жақсы адам етіп тәрбиелегім келеді», — деп қосты ол.

Фэшн-индустрия саласындағы жұмысты 20 жастағы тележурналист «Ақтау аруы-2015» Джейран Дурсунова, басқа да қыздар өз хоббиі санайды. Бос уақыттарында кітап оқитындықтарын айтты.

«Жаңалыққа құмармын, адамдармен танысқан ұнайды. Осы ісімді жалғастыра беремін. Сондай-ақ университетке түсіп, жоғары білім алғым келеді», — деп атап өтті ол.

Ең жас финалист 15 жастағы Балым Жеңісбекқызы — Шымкенттен. Ол байқауға қатысуын ересек өмірге деген алғашқы қадамы санайды. Оның айтуынша, өзіне деген жауапкерлішікті екі есеге арттырады.

«Бұл соңғы қатысуым емес деп ойлаймын. Байқауға тағы келемін. Жасым кіші болғанмен, бәрі ойдағыдай өтті. Барлық қыздармен тез тіл табысып кеттім, қазір 29-ымыз да апалы-сіңлідейміз. Олар маған әр кезде қамқор боп жүрді. Соған ерекше қуандым», — деп қосты ол.

Еске салсақ, Астанада «Қазақстан аруы-2015» ұлттық сұлулық байқауының финалы аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 30 ару қатысты. Әділқазылар бес гранд-финалисті анықтады. Қазақстандықтар смс, онлайн-дауыс беру арқылы Қазақстан аруын таңдады. Қорытындысында 1,3 мың дауыс жинап, 17 жастағы «Ақтау аруы» Әлия Мергембаева жеңіске жетті. Ол бес миллион доллар ақшалай жүлде алды және халықаралық «Әлем аруы» байқауында елдің атынан шығуға құқық иеленді.

Смс-дауыс беру барысында жиналған қаражат Аружан Саинның «Қайырымдылық» қорына аударылатынын атап өткен жөн.

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close