Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Қазақстан аруы-2015: Жүлдеге алған 5 млн теңгені анама беремін

«Қазақстан аруы-2015» 19-шы республикалық байқауының жеңімпазы болған 17 жастағы ақтаулық сұлу Әлия Мергенбаева байқаудан кейін өзінің көңіл-күйімен бөлісті.

«Жеңіске жеткеніме әлі сене алмай тұрмын. Маған туыстарым мен достарымның қолдауы өте көп жәрдемдесті», — деді ол байқаудан соң журналистерге берген сұхбатында.

Әлия — Маңғыстаудағы туризм колледжінің студенті, мамандығы — «қонақ үй қызметін ұйымдастыру және көрсету». Болашақта ол қазақша нақыштағы өз қонақ үйін ашуды жоспарлауда. Сұлулық байқауына қатысуын бойжеткен өзінің бала кезден бергі арманы екенін, алда әлі талай асуларды бағындыруды ойға алып жүргенін айтты.

«Мен көп жылдардан бері волейбол ойнаймын. Бірақ модель болуды армандадым. «Қазақстан аруы» байқауына қатысуым — бала кезгі арманымның орындалғаны болды. Қазақстанның намысын басқа да байқауларда қорғауға тырысамын», — деді ол.

Байқау барысында қазылар алдында Әлия өзінің ешқандай кітап оқымайтынын мойындап, енді оны қолға алуға уәде берді.

Бес миллион теңге көлеміндегі жүлдесімен не істемек ойы бар туралы сауалға «Қазақстан аруы-2015» былай деп жауап берді: «Мен оны анама беремін, ол әрдайым маған көмектесіп, қолдау білдіреді».

Айта кетейік, финалған шыққан бес арудың ішінен Әлия көрермендердің 1312 онлайн- және смс-дауысын жинап, жеңімпаз атанды.

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close