Жаңалықтар

Айжан Байзақова: «Қолымда билік болса, марихуанаға рұқсат беретін заң шығарар едім»

Жақында ғана ана атанған Айжан Байзақоваға әлеуметтік желіде қызығушылық арта түсті. Қандай жолмен атақты болғаны баршамызға мәлім. Өз наразылығын, қоғамдағы кей нәрселерге көңілі толмайтынын боқтық сөзбен жазып жүретін Байзақованың инстаграм парақшасындағы жазбалары оқырмандарының қолдауына ие болуда.

Аман Тасығанның «Talklike» youtube жобасына берген сұхбатында сылқым: «Қолыма билік берсе, марихуанаға ресми түрде рұқсат берер едім, алайда өзім бұл затқа әуес емеспін» , — дейді.

Жалаңаш суреттерімен танылған Байзакова: «Есірткінің жеңіл түрін ресмилендірсек, оны бақылап отыру да оңайға соқпақ әрі сапалы болмақ. Қазіргі таңда есірткіні ресмилендірмесе де, халық, әсіресе, жасөспірімдер қайдағы жоқ химиялық заттарды қолданудан тайынып жүрген жоқ. Бұған құмар болған жастар қандай да бір жолмен керек затты тауып алады да, өмірімен қоштасады»

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close