Жаңалықтаржоғары

Қорғаушы Денис Тенді өлтіруге тапсырыс берілгенін мәлімдеді

Бүгін белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот тыңдалымы өтіп жатыр. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы оны өлтіруге тапсырыс берілген болуы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров соттан істі қосымша тергеуді сұрады. Қорғаушы тараптың пікірінше, істе процессуалдық бұзушылықтар бар және қылмыс тапсырыстық сипатта болған.

«Біз қылмыстың сыбайластарын анықтау үшін істі прокурорға қосымша тергеуге жіберуді сұраймыз. Істің материалдарындағы дәлелдердің қайшы тұстары бар, олар қылмыстың тапсырыспен жасалғанын көрсетеді. Айдап салушылар мен арандатушыларды жауапқа тарту керек. Қосымша тергеу жүргізіп, дербес сот өндірісіне бөлуді сұраймыз», – дейді Өстеміров.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың қорғаушысы сотқа Астана тұрғыны Самара Шәмшиеваның жеткізілуі туралы өтініш білдірді. Бұған дейін ол Арман Құдайбергеннің ұрлығының салдарынан зардап шеккен.

Айта кетсек, бүгін Денис Теннің өліміне қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтіп жатыр.




 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close