Жаңалықтар

Арым таза: Қарақат дау тудырған коттедж мәселесіне қатысты бар шындықты жайып салды

Kyn.kz

Қолөнер шебері Ырза Тұрсынзада, жаз айында Қыдырәлі мен Қарақаттан жәбір көргенін айтып, БАҚ өкілдеріне базынасын жеткізген еді. Бүгінде дизайнер мен жұлдызды жұптың жанжалы аяқталды ма? Әнші Әбілдина өзін негізсіз айыптаған сәнгерге қатысты шындықты айтуға әзір.

Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.

Қарақат Әбілдина, әнші:

-Үкіметке айта алмаған әңгімесін мен танымал адам болғанан кейін, ол кісінің бос ғимаратын үкімет бізге бергендіктен – ол кісі әрине ашуын менен алды.

Әбілдина әңгіменің әлқиссасын дәл осылай бастады. Әншінің пайымдауынша, дизайнердің мақсаты – қара пиар арқылы атын шығару. Естеріңізге сала кетейік, Ырза Тұрсынзада есімді елордалық қолөнер шебері 2009-шы жылдан бері жалға алған ғимаратын Қыдырәлі мен Қарақаттың тартып алғанын айтқан еді. Тіпті сол уақытқа дейін жұлдызды жұппен жақын араласып, шу тудырған мекемеде бірнеше мәрте кездескендерін есіне алған-ды.

Ырза Тұрсынзада, қолөнерші:

Айтпақшы, сол ғимаратта отырғанымды Қарақат та, Қыдырәлі де біледі. Олар сол жерге келіп қанша фотосессиясын жасады. Сол жерден келіп Қарақат қаншама дүние алды. Рас, солай болды.

Қарақаттың айтуынша аталмыш коттедж мемлекеттің меншігінде. Дизайнер даулы мәселені жұртқа жариялаған уақытта Әбілдина декреттік демалыста болған. Бірақ қолөнер шебері Қарақатты кінәлаған еді.

Ырза Тұрсынзада, қолөнерші:

-Сенің бетің жылтыр, бірақ сол беттің астында тұрған арың, жамауға келмейтін жыртылған ар екен. Саған айтатыным сол Қарақат!

Қарақат Әбілдина, әнші:

-Менің ең бастысы арым таза. Ол кісі айтқандай емес. Керісінше ар, ұят, намыс деген осы үш қасиетті өмірде бірінші кезекке қоятын жандардың бірімін.

Қоғамда қызу пікірталас тудырған тақырыпқа қатысты Қарақаттың айтары мұнымек шектелмейді. Әншінің сөзіне сенсек, Ырза Тұрсынзаданың атқарған жұмысында шикілік көп.

Қарақат Әбілдина, әнші:

-Көп жылдар бойы өкінішке орай заңсыз тұрған екен. Ол сұрақтарды тағы да мен көтергім келмейді. Себебі, ол кісінің өзінің де әттеген-айы бар шығар. Заңдастырып алып, өзінің кәсібіне өзі иелік ету керек еді. Кімге өкпелейді, кімге ренжиді енді?

Жазда жұртты дүрліктерген жанжал заң жүзінде шешілген және қос тараптың қарым-қатынасы үзілген. Даулы ғимарат қазіргі таңда Қыдырәлі мен Қарақаттың кәдесіне жарап тұрса керек…

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close