ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

«Один дома» фильмінің актерлері қаншалықты өзгерді?

Жаңа жылға аз уақыт қалды, ал әлемнің барлық телеарналарынан классикаға айналған «Один дома» фильмі қайта жол тартатыны сөзсіз. Фильм әлі күнге дейін көпшіліктің сүйікті фильміне айналды. Фильмнің шыққан уақытынан бері 27 жыл өтті, актерлер қаншалықты өзгерді? Бірге көрейік.

Маколей Калкин — Кевин

Маколей Калкин

Басты рөлдегі Кевиннің рөлін сомдаған Маколей Каликин қазір 37 жаста, актер қазір де бірнеше фильмдер мен сериалдарға түсіп жүр. Актер нашақормен де ұсталып, өзіне қол жұмсамақ болған екен, дегенмен актер өзіне келіп шығармашылығын қолына алуда.

Джо Пеши — Гарри

Фото: Today.com

«Один дома» фильмінде қарақшылардың бірін сомдаған Джо Пеши қазіргі таңда 74 жаста. Актер осы уақытқа дейін 50-ден астам фильмдерде ойнаған, «Оскар», «Bafta» секілді әлемге белгілі киножүлделердің жеңімпазы. Актер соңғы рет 2010 жылы «Ранчо любви» — атты фильмде ойнаған екен, бұл оның соңғы рөлі емес деген ойдамыз.

Дэниел Стерн (Штерн)

Фото: Stantondaily.com

Фильмдегі тағы бір қарақшы ол әрине Марв, күлкіден қарық қылатын актердің шын есімі Дэниел Стерн (Штерн). Актер көбінесе комедия жанрындағы фильмдерде ойнап, мультфильмдерге дыбыс жазады әрі бірнеше фильмдердің режиссері. Актердің соңғы түскен фильмі — «Три дня побег» фильм соңғы рет 2009 жылы жарыққа шыққан екен.

Кейт Маккаллистер — Кэтрин О’Хара

Фото: Ivi.ru

Әйгілі фильмде Кевиннің анасын ойнаған Кэтрин О’Хара 63 жасқа келсе де, әлі күнге дейін көптеген фильмдерде актерлік шеберлігін көрсетіп жүр. Канадалық әрі Америкалық актриса соңғы рет осы жылы жарыққа шыққан «33 несчастье» сериалында дәрігердің рөлінде сомдаған. Танымал актриса продюсер әрі сценарист болып та, өзінің бағын сынап көрген.

Джон Хёрт — Питер Маккаллистер 

Фото: Ivi.ru

Кевиннің әкесінің рөлін сомдаған Джон Хёрт. Әйгілі актер осы жылы 21-ші шілде күні 71 жасында өмірден өтті. Актер соңғы рет 2013 жылы «Нападение на Уолл-стрит» фильмінде ойнаған екен.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close