Жаңалықтаржоғары

Бағым Мұхитденова «Кешью» тобынан кеткен қыздардың бетпердесін ашты

Бағым Мұхитденова «Кешью» тобынан кеткен қыздардың сұқбаттарын көріп, шәкірттерінің топқа қатысты айтқан сөздерінің жалған екенін байқаған. Продюсер ел алдында арулардың абыройын шашпағанымен, шындықтың түбі ашылатынына сенім білдірді деп жазады НТК арнасының«Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осыған дейін Сара Амангелді топта әр қыздың мінезі әртүрлі болғандықтан, өзін жайсыз сезінгенін айтқан болатын.

«Мен Бағым мен Баян ханымға келіп, топта жұмыс істегім келмейтінін айттым. Ол уақытта келісімшарттың бітуіне аз қалған болатын. Ол кісілер менің мінезіме қарап, қоймайтынымды түсінді. Сосын жіберді. Оның үстіне топқа қанша адам келіп-кетіп жатыр. Негізі әуелден қыздар тобымен жұмыс істегім келмеген», — деп Сара Амангелді «Кешьюден» кету себебін түсіндірді.

Ал Мөлдір Әуелбекова топтағы қыздардың жиі ауысатыны таңғалатын жағдай емес дейді.

«Мен топта алты жыл болдым ғой. Сондықтан қыздардың жиі ауысуы үйреншікті жағдайға айналды», — деген әнші бүгінде жас қыздарға өзі продюсерлік етіп отыр.

«Кешьюден» түлеп ұшқан қыздардың бұл уәжіне Бағым Мұхитденованың өз айтары бар.

«Шын мәнінде бәрі өтірік. Біздің орталық қалаған уақытта келіп-кетіп жүретін жер емес. Бірінші шешімді біз қабылдаймыз. Қыздарды жұмыстан босататын да біз. «Қыздармен сыйыса алмадым» деген сөз көпшілікті сыйламауы деп білемін. Олармен арада болған дүниені жариялап, масқаралау адамгершілігімізге сын. Уақыт өте келе шындықтың беті ашылады», — деді Мұхитденова.

Айта кетейік, Бағым Мұхитденова мен Баян Алагөзова «Кешью» құрамын қайта жасақтап шығарған. Қос продюсер қыздарды жаңа жылдан соң көпшілікке таныстырмақ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close