ЖаңалықтаржоғарыШоумен & Тұлға

Айжан Байзақова: Ішімдікті қою мен үшін ауыр сынақ болды

Атышулы блогер Айжан Байзақова жүкті болғалы қыдырыстарға толы өмір салтымен қош айтысуға мәжбүр болғанын айтты. Әсіресе, бойжеткен үшін ішімдікті тастау аса қиынға соққан деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы блогердің өзі Instаgram парақшасында мәлімдеген.

Желіде ашық-шашық суреттерінің арқасында танылған бойжеткен ішімдікті қояр кезде қатты күйзеліске шалдыққанын жасырмады.

«Бәрінен де ішімдікті қою мен үшін ауыр сынақ болды. Тіпті, біраз уақыт бойы үлкен күйзелісте жүрдім.

Бір-екі рет шыдамай түнгі клубқа барып, көңіл көтермек болдым. Алайда, әдеттегідей ішімдіктің орнына өзіме шайға тапсырыс бердім.

Жалпы жүктілігім жайлы Қазақстанның түрлі қалаларындағы түнгі клубтарды аралайтын кезде білдім. Артқа шегінерге жол болмады. Мен адамдардың ішімдік ішіп, көңіл көтеруіне міндетті едім.

Бұл тұрғыда актерлік шеберлігім көмектесті. Мен мас адамның рөлін мықты сомдағаным сонша, тіпті тобымдағы адамдар да сеніп қалды» , — деді Байзақова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close