Тәуекел Мүсілімнің алғашқы жобасы алғашқы бейнебаяндарын түсірді

Тәуекел Мүсілімнің жетекшілігімен жұмыс істеп жатқан «Кемел» тобы алғашқы бейнебаяндарын түсірді.

11230307_812565908812572_691540489_n

 

Топтың құрылғанына көп уақыт өте қоймаса да, оннан астам ән жазып үлгеріпті. Көп ұзамай альбомдарын жарыққа шығаруға ниеттеніп отыр екен. Көктемнің алғашқы мерекесінде шырайлы Шымкент қаласында «Studio One KZ» продюсерлік орталығы ұйымдастырған шығармышылық кешке қатысып келді. Енді ән сапар мамыр айында киелі Тараз қаласында жалғасын табады. Тәуекел Мүсілім, Артур Төлепов, Кемел тобы алдымен сол өңірдің жұртшылығымен жүздесудi жоспарлап отыр. Кемел негізі эстрадалық бағытта әндер айтып жүрсе де, қолдарынан домбыраларын тастамаған. Жастар арасында қасиетті қара домбыраны ұлықтауды басты мақсат етіпті. «Бұйырмас махаббатым» әніне түсірілім жұмыстары Алматыда, Уш конырда өтті. Талапшыл продюсер топқа тура әскердегідей талаптар қойыпты. Қандай?-дейсіздер ғой: спортпен шұғылдану, ерте ұйықтап, ерте тұру, дұрыс тамақтану, артық салмақ жинамау тағысын тағы. Бұл талаптарға  жігіттердің болмысы да сай келіп тұр. Әсет Ақдәулет, Төлеби Тәңірберген, Мұхамедқасым  Әукен салауатты өмір салтын қолдайтын жігіттер. Темекі шекпейді, спирттік ішімдік ішпейді және замандастарын нашар адеттен бойларын аулак устауга  шақырады. Әсет Ақдәулет жақында көптен аңсаған дипломына қол жеткізеді. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының биылғы түлегі. Төлеби мен Мұхамедқасым осыдан бірер жыл бұрын дипломды болған жас мамандар. Қазір жігіттер бар уақыттарын студияда өткізеді. Жаңа әндер, ән сапарға дайындық қызу жүріп жатыр.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close