Жаңалықтаржоғары

«КешYou» тобының құрамы тағы да өзгерді

Баян Мақсатқызының Shine Production компаниясының YouTube каналында «Кешью» тобының құрамынан тағы бір әншінің кетуі туралы ақпарат тарады. Онда жарияланған видеода Элизат Берікованың топтың Instagram парақшасынан мүлдем көрінбей кеткені айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Парақшада «Кешью» тобынан Элизат кетіп, Жұлдыз Өмірғали келіпті», — деген тақырыппен видео жарияланған.

Видеода Элизаттың тұрмысқа шығып кетуі мүмкін екені айтылған. Себебі әнші парақшасындағы бүкіл суреттерді өшіріп тастап, ұялы телефоны да байланыс аясынан тыс жерде болып қалған. Сондай-ақ, желіде топтың тойларға Элизаттың орнына Жұлдыз Өмірғалиді алып шығып жүрген видеолары да тарап кеткен.

Демек, жуырда Элизаттың орнына Жұлдыздың келуі де ғажап емес, делінген видеода.

https://youtu.be/mCa2A9wJKLY

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close