Жаңалықтаржоғары

Қайрат Нұртастың әйелі үйлену тойы кезіндегі қызықтар туралы айтты

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова 10 жыл бұрынғы үйлену тойы кезіндегі қызықтары жайлы айтып берді. Бұл туралы актриса инстаграм желісіндегі парақшасында жазды.

«Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғ. Мүсірепов атындағы  театрдың әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым. Айдос Бектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз «Қыз жібек»спектакльінен ария орындап естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар. Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті «Ешкімге көрсетпеймін» әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық. Ал, ол бейнебаянды, енді 10 жылдан кейін көрсетеміз. Айтпақшы, тағы бір қызық болған. Той біткен соң ары қарай достарымызбен қыдыратын болып шештік. Той қонақтарымен қоштасып, бәрін шығарып салып, ата-ана, бауырлар үйге қайтты, жиырмаға жуық достар 2 көлікке сыйысып олар кетті. Бір қарасақ Қайрат екеуміз ғана қалыппыз.
Түнгі 2-3тер шамасы. Көлік жоқ. Содан жаңа үйленген жас жұбай қол ұстасып алып, әппақ фатаны желбіретіп жолдан өтіп, такси тоқтатып достарымызға қарай кеткенбіз» — деп жазады Жұлдыз Әбдіәрімова

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close