ЖаңалықтарКино & Театр

Ақтөбеде xалықаралық «Балауса» фестивалі өтуде

Халықаралық «Балауса» экспериментальды
қойылымдар фестивалі басталды. 

​ Фестивальдің басты мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, драматург, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Тахауи Ахтановтың есімін мәңгі есте қалдыру, театр өнерін өркендету, заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру және ара қатынасты нығайту, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.

Фестивальге республика көлемінен Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, «А.И. музыкалық театр және продюсерлік орталығы», «Театр 28» мен Ресей Федерациясының А.С.Пушкин атындағы Орск мемлекеттік драма театры және жергілікті Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры мен облыстық «Алақай» қуыршақ театры қазақстандық және шет елдің авторларының заманауи эксперименттік спектаклдерімен қатысады.
​Фестивальге қатысушылардың өнерін қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның халық әртісі Е.Обаев, сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында белгілі театр сарапшысы, режиссер М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры А.Маемиров, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Е.Жуасбек, Ресей халық әртісі, А.Пушкин атындағы Орск драма театрының көркемдік жетекшісі А.Кове, Қырғызстан Республикасының халық әртісі, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлығының иегері Б. Одуракаев және облыстық мәдениет, мұрағаттар және архивтер басқармасының басшысы М.Қорғанбаева сараптайды.

Фестиваль қонақтарына А.Чехов атындағы Мәскеу көркемдік театрының актеры Д.Дюжевтың орындауында А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» моноспектаклі көрсетілген болатые.

20 сәуір фестивальдің ашылуы болды. Ал фестивальдің жабылуы 22 сәуір күні өтеді.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close