Жаңалықтаржоғары

Димаш әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті

Ерекше дауыс иесі, белгілі әнші, атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген Global Shopping Festival-да әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті.

Танымалдығы күн санап өсіп келе жатқан Димаш өзінің инста-парақшасында да әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен бірге түскен бірнеше суретін жариялады. Алдыңғы жазбаларының бірінде ол жақында ғана Alibaba Group компаниясы ұсынған сыйлықты көрсеткен болатын. Бірақ әнші Джек Маның не сыйлағанын ашып айтпады. Тек бірге түскен суретін жариялап: «Қайта қауышқаныма қуаныштымын Джек мырза!»  — деді. Бұдан бөлек, Димаш жаһандық сауда фестивалінде америкалық рэп әнші, продюсер Фаррел Уильямс, британдық әнші Джесси Джей және голливудтық актриса Николь Кидманмен бірге қызыл кілем үстінде фотоға түскен.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close