ЖаңалықтарӘнші

Индира Елемес кімге алғыс айтты?

Жақында ғана жеке шығармашылығымен бөлек кетіп, халыққа «Ризамын,Тағдыр» -деп аталатын су жаңа бейнебаянын тарту еткен әнші Индира Елемес тағы бір бейнебаян қамына кірісіпте кетті, бұл жолы әнші туындысын Мәскеу қаласында түсіргенді жөн санапты! Инстаграм желісінде «20 сағатқа созылған бейнебаянымның түсірілімі аяқталды. Шүкіршілік! Өз істерінің кәсіби мамандары баршаңызға рахмет!»-деп түсірілім тобына көңілі толып,жерлесіміз Алексей Голубевке алғысын айтты! 
ZvPO0GOhUYs
Индира ханым бұған дейін қоржынына үш бірдей бейнебаян толтырып еді! «Тыңдашы әнімді»- деп аталатын алғашқы туындысын өнердегі ағасы Нұрлан Еспановпен бірге Корея елінде түсірген болатын. Келесі бейнебаянын 6 ай продюсері болған Мөлдір Әуелбековамен бірге Дубай қаласында «Адаспа» әніне түсірді! Бір ай алдын жеке шығармашылығына кірісіп,жолдасының қолдауымен «Ризамын,Тағдыр»-деп аталатын ерекше туындысын өз еліміздің әсемде,көрікті қаласы Алматыда түсірді. Бұл бейнебаян көпшіліктің көзіне жас әкелгені жасырын емес!
Арада көп уақыт ұзатпай дәл қазір Индира ханым, Мәскеу қаласында кезекті жаңа бейнебаянына білек сыбана кірісіп те кетті! Продюсермен жұмыс жасап,жылына үш бірдей бейнебаян түсіріп «Рекорд» ендіріп жатқан әншілер тізімінде, Индира ханымның бары қуантарлық жағдай.
Бір сұхбатында «Үнтаспа шығару жоспарда бар екенін және тек жанды дауыста презентация жасалатынын айтып» әнші ағынан жарылған болатын. Тыңдармандары асыға күтіп жүрген бұл күнде алыс емес сияқты. Ендеше шығармашылығын барынша шыңдап, тынымсыз еңбек үстіндегі Индира Елемеске «Жұлдыздар Әлемі» порталы атынан шын жүректен сәттілік тілеп, алдағы жаңа туындысын асыға күтеміз! Сізге творчествалық табыс тілейміз!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close