Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоумен & Тұлға

“Youtube” желісінде көрермен ең көп тамашалған үздік 5 бейнебаян

Қазіргі таңда тек қана шетелдің бейнебаяндары ғана емес, отандық әншілердің бейнебаяндары да “Youtube” желісінде бірнеше миллион көрермен тамашалаған бейнебаяндардың қатарында.Назарларыңызға ең көп қаралған 5 бейнебаянды ұсынамыз!

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның «Алло» әніне түсірілген бейнебаяндары көпшіліктің көңілінен шыққаны белгілі. 5 айдың ішінде бейнебаянды 10 миллионнан астап көрермен тамашалаған. Сондықтан бейнебаян ең үздік екені айтпаса да белгілі.

Асхат Тарғыновтың Мария Магдаленасы да Аллодан қалысар емес. Бұл бейнебаянды 9 жарым миллион көрермен тамашалаған. Асхат Тарғыновтың орындауындағы «Мария магдалена» әні Қырғызстанда да хит екенін айтып өткен жөн.

Төреғали Төреәлінің тағы бір бейнебаяны халық көп тамашалаған бейнебаяндардың қатарында. Төреәлінің бағын ашқан «Бол жанымда» бейнебаянын 7 миллионға жуық көрермен тамашалаған.

2011-2012 жылдары халықтың аузынан түспей, хитке айналған Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» бейнебаянын тамашалаушылар саны 6 миллионға жуық.

Аспанға қарап, жұлдызды санап жүрген Абай Бегейдің бейнебаянын 5 миллионға жуық көрермендер тамашалаған екен.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close