Жаңалықтаржоғары

«Түнгі студия» бағдарламасының жаңа жүргізушісі белгілі болды

Күні кеше ғана КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев “Түнгі студия” бағдарламасын енді жүргізбейтіні жайлы жазған болатынбыз. Телерадиокорпорация төрағасының айтуынша, Нұрлан Қоянбаев “Түнгі студия” жобасынан және QAZAQSTAN телеарнасы бас продюсері қызметінен қаңтар айында кеткен. Қазіргі уақытта, танымал туындылардың үздіктер қатарындағы «Бизнес по казахски» фильмінің арқасында кино продюсерлікке бет бұрған Нұрлан Қоянбаев шетелде жүр. Жобадан кетуінің себептерінің бірі де осы болса керек.

Сонымен қатар, QAZAQSTAN телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин “Түнгі студия” жаңа форматта шығатынын айтқан болатын. Көпшілік көрерменнің пікірінше, жобаның жаңа жүргізушісі «Базар жоқ» театрымен танылған Қайрат Әділгерей болмақ деседі деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі.  Дегенмен, қазірше бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Жақын арада QAZAQSTAN телерадиокорпорациясы жаңа жүргізушімен таныстырады деген ойдамыз.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close