Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Роза Жаманова жайында 10 дерек!

Бүгін 16 сәуір — опера әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Жаманованың туғанына 88 жыл. Халық әртісі 2013 жылдың 27 желтоқсаны күні 85 жасында дүниеден озды. Халық әртісінің туған күніне орай назарларыңызға әнші жайында 10 дерек ұсынамыз!

  1. 1928 жылы, 16 сәуір күні Ақтөбе қаласында Роза Жаманова Үмбетқызы дүниеге келеді.
  2. Музыкалық мектепті Орал қаласында бітіріп, 1949 жылы музыкалық училищені бітіреді.
  3. 1949-1954 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алады.
  4. 1953 жылдан бастап Абай атындағы опера және балет театрында өнер көрсете бастайды.
  5. 1957 жылы Қазақ КСР-ының еңбек сіңірген әртісі атанса, ал 1959 жылы КСРО Халық әртісі атанады.
  6. 1977 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық етеді.
  7. 1962-1980 жылдары Қазақ қоғам театрының төрағасы болады.
  8. 1968 жылдан бастап Халықаралық институт театрының вице-президенті атанады.
  9. 1963-1967 жылдары Қазақ КСР Жоғары кеңесінің депутаты болады. 1970-1974 жылдары Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының депутаты атанады.
  10. 2013 жылдың 27-желтоқсан күні Алматы қаласында дүниеден озады. Халық әртісі Алматыдағы кеңсай зиратында жерленген.
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close