Жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді

Тұңғышбай Жаманқұлов тағы сөзінен тайқып шықты. Бюджеттің 69 миллион теңгесін жеді деген атақты актер өзіне тағылған айыпты басында мойындап, енді онымен келіспеймін деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бүгінгі сотта Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған 9 адамға қатысты айыптау қорытындысы оқылды. Онда сол күйі түсірілмей қалған «Феникс» фильміне бөлінген қаржының қалай ұрлағаны бүге-шігесіне дейін қамтылған. Прокурордың айтуынша, Жаманқұлов ақшаның басым бөлігін жалған келісім-шарттар жасап, жекелеген компаниялар арқылы жымқырыпты. 69 миллион теңгені қалтасына басқанын Жаманқұловтың өзі де бұған дейін мойындаған болатын.

Тіпті 6 миллионын мемлекетке қайтарып беріп, қалған бөлігін де өтеуге уәде еткен. Алайда аяқасты сөзінен айныған Қазақстанның халық әртісі бүгін өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Бірақ Жаманқұловтың өзі де, адвокаттары да әзірге бұған қатысты түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close