Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Халил Эргюн: Кинода отбасылымын, өмірде жалғызбын.

«7 арнадан» көрсетіліп жүрген «Үзілген жапырақтар» телесериалында  Әли Риза Текиннің рольін сомдайтын Халил Эргюннің кинодан тыс өмірі адам сенгісіз. Ол «Большая ложь» (1994), «Хамам.Турецкие бани» (1997), «Байрампаша:я надолго не останусь» (2007), «Үзілген жапырақтар» (2006-2009) фильмдеріне түскен.

Халил Ибрагим,бірақ оны көпшілік Халил Эргюн деген атымен таниды, 1946 жылы,8 қыркүйекте Түркияда,Изнике қаласында дүниеге келген.Орта мектепті аяқтағаннан кейін,болашақ актер Анкарадағы политология оқуға түседі.Студенттік шағында театр өнеріне қызыққан ол,өнерге деген қызығушылығын жасырмайды.1975 жылы «Разрешении» атты фильмге шақырту алған Ибрагим қуана-қуана келіседі.Алғашқы рольі сәтті шыққан ол,режиссерлардың көзіне бірден түседі және Йылмаз Гюнееммен бірнеше жыл жұмыс жасайды.Фильмдерде қамқор әкенің,адал жардың рольін көп сомдағанымен,өмірінде ол жалғыз екендігін жеткізген.Әйелімен ажырасып кетсе де,ұлынан ешқашан бас тартпаған актердің тағдыры тым қатал.Атағы жер жарып тұрса да ол бірнеше жылдар бойы ағасын қараған.Инсульт алғаннан кейін жалғыз ағасының аяқ-қолы істемей қалады. Жылдар бойы ағасының жанында болып,қарайласқан Ибрагимнің ағасы 70 жасқа қарағанында көз жұмады.Ағасының өлімінен кейін,өзінде жоғалтқандай сезінген актердің алданышы,өмірінің жалғасы өнер екенін айтады.

 Гүлбаршын Думан

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Ай Али Рыза кинода 5 балаңнан қиындық көрдің енді өмірде де қиналып жүргеніңе жаным ашиды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close