Жаңалықтар
Әнші Бейонсе егіз сәбиге жүкті екенін жариялады
Инстаграмдағы парақшасына: «Біз бақытымызбен бөліскіміз келеді. Отбасымыздың егіз сәбимен толығатынына өте қуаныштымыз және барлық ақжарма тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз»-деп жазған.
Әншінің рэп орындаушы Джей Зиден туған бес жастағы қызы бар. Джей Зи екеуі 2002 жылдан бері көңіл жарастырып, 2008 жылы Нью-Йоркте үйленген болатын.
Бейонсе күні бүгінге дейін 20 награда алып, 60-тан астам номинацияның лауреаты атанған. 2013 жылы Барак Обаманың инаугурациясында АҚШ-тың әнұранын орындады.
Әнші жоғарыдағы суретін желіге жүктегеннен кейін-ақ қалжыңбас желі қолданушылары оны келемеждеп те үлгерген. Бір ер адам төмендегі суретті жүктеген.
Дереккөз: Reactor.inform.kz