ЖаңалықтарӘнші

Әнші Тони Брекстонның дерті асқынып, ауруханаға түсті

Танымал әнші, «Грэммидің» жеті мәрте иегері Тони Брекстон Лос-Анджелестегі ауруханаға түсті. Тері туберкулезімен ауыратын әншінің бұл созылмалы дерті асқынған деп хабарлайды 24 арна

Бірақ, ауруханада 4 күн ем алған Брекстон қазір үйіне шығыпты. Әншінің өкілі Марин О’Коннордың хабарлауынша, енді әнші алда келе жатқан гастрольдік турға дайындалып жатыр.   Айта кету керек, тері туберкулезі кезінде адамның иммунды жүйесі өзге вирустар мен бактерияларға көңіл бөлместен, өзінің тіндеріне шабуыл жасайды. Бұл дертке шалдыққан адамның бүкіл денесіндегі терісі ауырып, ісініп кетеді. Сондай-ақ ол асқынса, өзге ауруларды тудыруы мүмкін.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close