Жаңалықтаржоғары
«KARA SEVDA» АҚШ-та «Эмми» жүлдесін иеленді
Талай қазақтардың жүрегін жаулаған, әлемдік деңгейде көрсетілім жинаған, түріктің хит сериалы «Kara SEVDA» АҚШ-тың ЭММИ жүлдесінің иегері атанды. Бұл жайлы ru.oxu.az хабарлайды.
60-тан астам елде көрсетілген түрік телехикаясы Нью-Йоркте «Үздік телехикая» номинациясы бойынша «Эмми» жүлдесін еншіледі. Бұл жүлдеге ие болған түріктің алғашқы сериалы. «Эмми» — «Оскар», «Грэмми» немесе «Тони» жүлделері секілді теледидар саласындағы ең мықты жүлделердің бірі.
Телехикаяда басты рөлдерді Бурак Озчивит, Неслихан Атагюль мен Каан Урганджиоглу ойнаған.