Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Криштиану Роналду жылдың үздік футболшысы атанды

Жыл сайын өтетін Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) марапаттау кеші Лондонда өтті. Жылдың үздік футболшыларын марапаттайдын бұл іс-шарада екі жыл қатарынан ерлер арасында «The Best» сыйлығына Криштиану Роналду ие болды. Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік футболшысы Роналду екінші жыл қатарынан бұл атаққа қол жеткізіп отыр. Номинацияға үш үміткер ішінде Лионель Месси (Барселона) мен Неймарды (ПСЖ) да болды.  «The Best» ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Massaget.kz  жарияланғандай айта кететіні, Криштиану Роналду 2017 жылы «Реалмен» бірге Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатында топ жарды. Португалия ұлттық құрамасының әлем чемпионатына шығуына бірден-бір себепкер болды. Әйелдер арасында «The Best» сыйлығына Лике Мартенс ие болды. Ал Зиннедин Зидан жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Өзге де үздіктер марапатталды.  Үздік қақпашы: Джанлуиджи Буффон  Жылдың үздік жанкүйерлері:»Селтик» фанаттары  «Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Оливье Жиру  «Fair Play» марапатының иегері: Франсис Коне  «FIFA 2017» үздік футболшылар құрамы: Джанлуиджи Буффон, Дани Алвес, Леонардо Бонуччи, Серхио Рамос, Марсело, Лука Модрич, Тони Кроос, Андреас Иньеста, Лионель Месси, Криштиану Роналду, Неймар

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close