Жаңалықтар

Есболат Беделхан қыздар тобына кастинг жариялады

Орда тобындағы әрбір солист өз алдарына топ ашып, кейбірі жеке шығармашылығымен айналысып жүр. Тек Есболат Беделхан ғана тып-тыныш отырған еді. Енді ол да үнсіз қалмайды. Қол астына қазір қыздар жинауда. Сол үшін кастинг жариялап, 18 бен 23 жас аралағындағы аруларға іздеу салуда. Іріктеуге қатысу үшін әрбір жан сүйікті әнін орындап, видеоға түсіруі қажет.

Көңілді, сұлу, әрі талантты болсаңыз Есболатқа хабарласыңыздар. Мүмкін дәл сіз құрылғалы жатқан girls band-тің мүшесі атанып қаларсыз. Айтпақшы, асығыңыздар, кастинг келер айдың 20-на дейін жалғасады. Толық құрамды кіші Беделхан жаңа жыл қарсаңында ел назарына ұсынамын деп отыр. Ендеше, іске сәт.

Фото: Gakku.kz

Дереккөз: Gakku.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close