Басты жаңалықтарЖаңалықтарТелерадио

Журналист Асхат Садырбай жол апатына ұшырады

Танымал журналист әрі продюсер 20 мамыр күні Бішкек қаласына барар жолда жол апатына ұшырады. Бұл туралы Асхат Садырбайдың өзі инстаграм желісінде хабарлады. 

Журналист мінген такси Қордай ауылына жете бергенде болған, журналист мінген көліктің дөңгелегi жарылып 70 метрге дейiн аунап кетiп авария болған. 

«Мен өзiм артқы орындықта ұйықтап отырғам, ештеңе де түсiнiп үлгерген жоқпын. Көзiмдi Алматыдағы аурухана реанимациясында аштым. Қасымдағы адамдардың жағдайынан бейхабармын, Мен терезеден ұшып кеткем бас сүйекке, миға қатты соққы алып, бiр-екi жерім сынып Құдайдың қалауымен аман қалдым, содан әлi емделудемiн. Әлгi таксиге қашан, қалай отырғаным есiмде жоқ. Дөңгелектерi өте ескi екен, қатты жылдамдықпен келе жатқанда жарылып кетiптi. Содан аунаған күйі 70 метрге дейін ұшып барған. Көлік иесі сол жерде көз жұмыпты. Алланың қалауымен аман қалдық, сансыз шүкiр. Мұны басқаларға сабақ болсын деп жаздым, таксиге отырарда көлiктi де жүргiзушiнi жақсылап тексерiп алыңыз. Оның үстiне бұл ақпаратты басқаша бұрмалап та айтып жүргендер бар екен, расын өз аузымнан естiген дұрыс болар деп шештiм. Біздің апатқа түскенімізді ести сала жедел жәрдем мен сауатты дәрігердерді жылдам жұмылдыруға атсалысқан аға-әпкелерге, іні, дос бауырларға алғысым шексіз. Сіздерден Алла разы болсын. Мен әлі ем алып біраз уақыт жататын сияқтымын. Ең бастысы бас аман, шүкір»-дейді журналист.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close