ЖаңалықтарӘнші

«Бала дауысы» байқауының ашылу салтанаты өтті

«Бала дауысы» байқауының ашылу салтанатында 16 талантты балалармен олардың тәлімгерлері танымал әншілер қатысты, сондай-ақ ашылу салтанытында осы жобаның авторы Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева да қатысты.

Жас орындаушылар жұлдыздар үйінде болып, жұлдызды үйде кәсіби мамандар жас таланттарға сабақ беріп, олардың таланттарын аша түспек. Балаларды құттықтау үшін Әлия Нұрсұлтанқызы келіп, бүлдіршіндерге өзінің жылы лебізін білдірді.

Бала дауысы

Бала дауысы

Бала дауысы

Бала дауысы

Бала дауысы

Бала дауысы

Бала дауысы

img_2030

«Бала дауысы» байқауы – 7-13 жас аралығындағы балалар арасында өтетін ұлттық ән байқауы. Байқау аясында мемлекеттік тілде балалар орындайтын жаңа әндердің тұсауы кесіледі. Бұл – жас сазгерлерді күллі елге танытудың оңтайлы мүмкіндігі.

Осыған орай, мамыр мен қыркүйек аралығында байқау төрешілері күллі Қазақстанды аралап, таланттарды іріктеп әкелген болатын. Әр облысқа қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші тәлімгер ретінде барды. Музыка майталмандарының шешімімен ақтық мәреге 23 бала жолдама алды. Оның ішінде 3 трио, 1 дуэт, 12 жеке орындаушы бар.

Фото: Ғалымжан Сәңкібаев

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close