Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген 5 үздік отандық телехикая

Назарларыңызға көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көпшіліктің сүйікті телехикаясына айналған 5 үздік отандық телехикаяны назарларыңызға ұсынамыз!

“Тоғысқан тағдырлар” телехикаясы бүкіл отбасымен көрген алғашқы отандық телехикая. Телехикая 1998 жылдың үздік телехикаясы танылып, қазақстандық көрермендер арасында таптырмас рейтінгілерге ие болды әрі әлі күнге дейін ешбір қазақстандық телехикая танымалдығы мен көрсетілуінің ұзақтығы бойынша «Тоғысқан тағдырлардан» асып түсе алмады.

Басты рөлдерде Бикен Римова, Қасым Жәкібаев, Ғазиза Әбдінабиева, Сағи Әшімов, Жанна Қуанышева және т.б танымал кино жұлдыздары ойнайды.

“Ағайынды” телехикаясыда көпшіліктің көңілінен шыққан телехикаялардың бірегейі. Телехикая ауылда туып-өскен  үш ағайынды туралы. Басты рөлдерде Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов және Әнуар Нұрпейісов ойнайды.

“Қара шаңырақ” телехикаясы – Ұлттық арна көрсеткен тағы бір телехикая. Көрермендердің көңілінен шығып, ең үздік телехикаялардың біріне айналған телехикая. Телехикая үш ағайынды бауырлар жайында. Басты рөлдерде Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин сынды белгілі актерлер сомдайды.

“Тракторшының махаббаты” телехикаясы – Баян Есентаеваның продюсерлігімен түсіріліп, “Хабар” арнасынан көрсетілген отандық өнім. Телехикая “Сұлтан Сүлейман” телехикаясының рейтингісінен де жоғары рейтингке ие болған. Осы телехикаядан кейін Камшат Жолдыбаеваның танымалдығы арта түсті. Басты рөлдерде Б.Айтжанов, К.Жолдыбаева, ойнайды.

“Жібек телехикаясы” – Өткен жылы танымалдыққа ие болып, көрермендердің көзайымына айналған телехикая “Жібек” телехикаясы атанды. Астана арнасы көрсетілген туындыда басты рөлдерді Айым Сейтметова мен Мансұр Серіков ойнайды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. Иа казак киносы жаксы дамып келеди. Улескерлердин бири Баян Есентаева.
    Тракторшынын махаббаты керемет актерлары образдарын алып шыкты. Камшат, Дарига’ Жасулан т.б.

  2. салематсиздар биз шетелде туратын казактармыз интернет аркылы казакстанда ойналган казак кинолар концерттер ар түрли хабарларды көрип турамыз сондай жаксы унайды. жи койып турсанзыдар куанып карсы аламыз
    Сиздерге шыгармашылык мол табыстар тилеймин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close