k-popЖаңалықтаржоғары

K-POP: T.O.P өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады

29 маусым күні сағат 11.30-да Сеул орталық прокуратурасында «BIGBANG» тобының әншісі T.O.P-қа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы Showasia.ru хабарлайды.

Сот отырысы кезінде әйгілі әнші барлық айып бойынша өз кінәсін мойындады. Өткен жылы қыркүйек айында ол өзінің үйінде тағылымгер (стажёр) қызбен бірге 4-рет марихуананы шеккені үшін айыпталуда. Полиция тергеуі кезінде әнші оның марихуана екенін білмегенін айтқан болатын, алайда одан кейін төрт жағдайдың екеуінде марихуана шеккенін мойындады.

T.O.P екі жылға шартты түрде сотталды, егер де ол заңды тағы да бұзса 10 айға түрмеге қамалатын болады. Әйгілі әнші БАҚ өкілдерінен қашпай, бүкіл халықтан кешірім сұрады.

«Менен көңілі қалып, қапаланған жандардан кешірім сұраймын. Өзім үшін қатты ұяламын, істеген қінәмді барынша ойлап, барынша өкінемін. Болашақты бұл жағдай қайталанбайды, мен кез-келген жазаға дайынмын. Ең бастысы өзімнің анамнан кешірім сұраймын» — дейді T.O.P

Фото: Showasia.ru
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close