Бар-жоғы бір жарым айда түсірілген «Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартты

Семейдің қос кинотеатрында ұлы Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы баяндайтын «Құнанбай» атты ауыр қойылымдық тарихи көркем фильмнің премьерасы өтті.

UobmFJb1LctLNZxTKXWa8iqr

Режиссер Досхан Жолжақсыновтың жаңа лентасы қызметі қарама-қайшылыққа толы жарқын тұлға, ауыр мінезді кісі жайында баяндайды. Би және болыс болған Құнанбай қазақ салт-дәстүрін, патша өкіметінің «Сібір қазақтары жарғысын» берік ұстанып, шариғатқа аса зор құрметпен қараған.

Экранда аты аңызға айналған тарихи қаһарманның ғұмырнамасы ғана емес, сонымен бірге ХІХ ғасырдағы қазақ заманы қайта жасалған.

«Біржан сал» фильмінің түсірілімдерінен аяқтағаннан кейін біз (фильм сценарисі – ҚазТАГ) Таласбек Әсемқұловпен бірге болашақ жұмысымызға арналған ыңғайлы тақырыпты ұзақ уақыт іздедік. Біздің тарихымызда жарқын тұлғалар өте көп болған және ұзақ талқылаулардан соң біз Құнанбай Өскенбайұлына тоқтаймыз деп шештік. Көбі оны болыс басшы, би ретінде біледі. Біз болсақ оның басқа, адами қырларын көрсеткіміз келді. Біз бес жылға жуық дайындалдық, аз әдебиет ақтармадық. Түсірілімдер жүргізілген Қарауыл ауылы мен Семей қаласының тұрғындары көп көмектесті», — деді фильм режиссері және басты рөлді сомдаушы Досхан Жолжақсынов.

Оның айтуынша, Құнанбай туралы айтқандардың бәрі қарама-қарсы мәліметті елестеткен.

«Біреулердің пікірінше, ол нағыз батыр, өте бойшаң болған, әйтсе де, егер фотосуреттерге сенсек, ол орта бойлы адам болып көрінеді. Басқалары фотосуреттердің барлығы жалған деп сендіреді. Тап сондықтан да, актер ретінде,  менің қалауым бірінші кезекте оның түр-әлпетін емес, ішкі дүниесін, Құнанбайдың дүниетанымын беруге ауды», — деді Жолжақсынов.

Фильм үстіндегі жұмыс рекордтық қысқа мерзімде аяқталған – түсірілім бар болғаны 1,5 ай жүрген. Фильм бюджеті $3,8 млн-ды құраған. Жалпыұлттық прокатқа «Құнанбай» фильмі 25 мамырда шығады.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close