Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Бурак Озчивит денсаулығының жақсаруын тілеуде

Белгілі түрік актері, режиссер — Бурак Озчивит жаңа «Can Feda» аударылғанда «Өмірімді беремін» деп аталатын түрік сериалына түсу барысында аяқ жарақатын алды. Түрік журналистері актерді сауда орталықта көріп, қал-жағдайын сұрастырыпты. Бурак: «Қазір әлі де емделудемін. Шүкір, жүре аламын. Түсірілім барысында, ең қиын эпизодтардың бірін түсіріп жатыр едік, сол сәтте аяққа ауыр жарақат алыппын. Алладан тез сауығуымды тілеудемін. Ең қиыны артта қалды»- деп, орталықта сағынған жанкүйерлерімен ұзақ тілдесті.

Естеріңізге сала кетейік,ең сұлу жұптардың бірі Бурак пен Фэхрие 5 қарашадан бері Стамбулда. Әзірше көрермендерін кездесулермен қуанта қоймады. Фэхрие қазір тек отбасы мен үйінің шаруаларымен қолы бос емес екенін айта кетті. Ал Бурак, «Брат мой 2» деп аударылатын фильмнің премьерасына қызу дайындық үстінде.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close