Жаңалықтаржоғары

Маржан Арапбаеваны жақындары перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды

Таяуда үшінші перзентін дүниеге әкелген Маржан Арапбаева перзентханадан шықты. Оны жақындары мен өнердегі әріптестері қарсы алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншіні перзентханадан шығарып алу үшін келгендердің ішінде Тамара Асар да болды. Ол өнердегі әріптесінің үшінші сәбиіне кіндік ана атанған.

Белгілі болғандай, Маржанның қызына Сафия деген есім берген.

Маржанның өзі Instagram желісіндегі парақшасында перзентханадан шыққан сәтінің суреттерін жариялады. Оны жақындары перзентханадан салтанатымен шығарып алды.

Ал әншінің желідегі оқырмандары оны қуанышымен құттықтап, өзі мен сәбиіне амандық тілеп жатыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close