ЖаңалықтарСпорт

Қазақ баласы «серіппе» жаттығуынан əлем рекордын жаңартты

Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «серіппе» жаттығуынан ГИнЭс Қазақстан рекордтар кітабының үш мәрте рекордшысы, 9 жасар Әмір Махмет балалар арасында əлемдік жəне Қазақстан бойынша əлемдік рекорд орнатты. Ол 60 минут бойы «планканы» ұстап тұрды, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Мен бұл рекордты жасаған кезде өзіме сенімді болдым. Үйде планканы 52 минут ұстаған болатынмын. Осындай жетістікке жеткеніме өзім де қуаныштымын. Болашақта Қажымұқан сияқты палуан болғым келеді», — дейді жас рекордшы.

Сонымен қатар, жас спортшы болашақта «серіппе» жаттығуын 1000 рет жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Жас спортшының ағасы Айдар Ахметовтің айтуынша, бауырының мұндай жетістікті бағындыруы еңбектің арқасы.

«Бұл Әмірдің төртінші рекорды. Біз оны Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтініш бердік. Əмір өз дегенін орындады. Ол оқуда да озат», — дейді А.Ахметов.

Мамандардың пікірінше, дайындығы жоқ адам «планканы» шамамен екі минуттай, спортшы – 5 минуттай ұстай алады.

Сондай-ақ, Әмір Махмет өз жеңісін 2016 жылдың 23 сәуірінде Лос-Анджелесте аты әлемге танымал боксшы Геннадий Головкиннің Доминик Уйэдпен өтетін жекпе-жегіне арнап отыр.

Айта кетейік, жастығына қарамастан Әмір Махмет КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының үш мәрте рекордсмені. Алғашқы рекордын ол 2015 жылдың 1 маусымында «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Bar Bars командасы ұйымдастырған Street Workout бойынша жазғы маусымының ашылуында «серіппе» жаттығуын 450 рет көтеріп орнатқан болатын. Екінші рекордын Әмір Street Workout-тан өткен Ақмола облысының чемпионатында «серіппе» жаттығуын 30 секундта 50 рет орындаған! Ал үшінші рекордын жас спортшы 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында «серіппе» жаттығуын 550 рет көтеріп орнатты. Қазіргі таңда Әмірдің «серіппе» жаттығуынан жеке рекорды – 750.

Дереккөз: Bnews.kz

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close