Жаңалықтаржоғары

Украинаны таңқалдырған Данэлия Тулешева жеңіске жетті!

Украина елінді жыл сайын өтетін балалар байқауына биыл 100 дарынды бала қатысты. Оның үштен бірі ғана келесі турға өтті. Ал, жерлесіміз, Алматылық Данэлия Тулешева осы байқаудың  «Голос. Дети» танымал талант-шоуында жеңіске жетті.

Өзі кішкентай болса да, дауысы Қазақстаннан бөлек СНГ елдерін тамсандырған алматылық жас өнерпаз Данэлияны қазір көрермен қауым жақсы таниды. Бір ай ішінде оның украиналық телешоуда айтқан әнін ютубтан 6 млн-ға жуық адам тамашалап, оның 9 мыңы пікір жазып үлгерген.
   «Голос. Дiти» телешоуының төбе билері 3 әнші қыздың арасынан Данэлияны тағы да жеңімпаз деп жариялады.
«Күннен-күнге көбейіп жатқан желідегі қолдаушыларыма, жаңа достарыма, атам мен анама әрі Димаш Құдайбергенов сияқты өнердегі ағаларыма ризамын», – дейді кішкентай жеңімпаз.
Айта кетейік, Данэлия ақтық сында үш қыз болып, екі қарсылас қыз украиналық, трио орындап, ішінен ең ерекше дауыс иесі деп танылып, жеңімпаз атанды.
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close