Жаңалықтаржоғары

Жеңіс Сейдоллаұлы «Қазақконцерт» ұйымының директоры болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жеңіс Сейдоллаұлы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Baq.kz сайтына сілтеме жасаған Жұлдыздар Әлемі.

Жеңіс Сейдоллаұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер магистрі. Республикалық эстрада өнері студиясында «Эстрада вокалы» бөлімінде, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша білім алған.

Ол Сүйінбай атындағы облыстық филармония оркестрінің әртісі, «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің бас дирижері, «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппараты идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

«Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің директоры, «Қазақ әуендері» АҚ аймақтық директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, «Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры болып қызмет атқарды.

2016 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметін атқарды.

 


 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close