Жаңалықтар

«Қазақстан аруы» Дональд Трампты көреген саясаткерге теңеп, жеңісімен құттықтады

2013 жылы «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаева өзінің instagram-дағы парақшасына бүгін АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамппен бірге түскен суретін жүктеп, жеңісімен құттықтады.

«Құрметті Дональд Трамп! Өткен сайлаудың нәтижесі Сізге деген сенімнің жоғары екенін және Америка халқының Сізді қолдайтынын көрсетеді. Сіздің кәсіпкер, көреген саясаткер әрі басшы ретіндегі бай тәжірибеңіз бұдан кейін де Америка үшін еңбек етуіңізге,  біздің еліміз бен халықтар арасындағы достық қатынастың нығаюына септігін тигізетініне сенімдімін»-деп жазған.

Айта кетейік, Айдай Исаева «Әлем аруы – 2015» байқауына еліміздің атынан қатысып, бақ сынаған болатын.

Дереккөз: Reactor.inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close