жоғарыСұхбаттарТелерадио

Гүлназ Ауданбаева: «Қазақ тілді шоу-бағдарламаның негізін біз қаладық»

«Жұлдыздар әлемінің» сұрақтарына танымал тележүргізуші Гүлназ Ауданбаева жауап берді. Өзінің осы салаға қалай келгенінен бастап, қазіргі жағдайын да әңгімеледі. Сонымен қатар, қазақ тележурналистикасындағы өзекті мәселе әншілердің жүргізушілікке ұмтылуы туралы да ойын жасырып қалмады. 

— Гүлназ ханым, сізді телеарнаға кездейсоқ келді  деген сөз рас па?

— Иә, телеарнаға ойламаған жерден келгенмін. Университетте оқып жүрген кезім. Бір таныс бойжеткен келіп, “Қазақша сөйлей аласың ба?”-деп сұраған болатын. Мен: «Әрине, сөйлей аламын» — дедім. Содан кастингке шақырды. Ол кезде жасым жиырмада еді.

Камераның алдында отырғызып, қойған бір-екі сұрағына жауап беріп, жөніме кеттім. Біраз уақыттан кейін «кастингтен өттіңіз» деген хабар келді. Сөйтіп ойламаған жерден телеарнаға жұмысқа кіріп кеттім..

— Телеарнаға дейін кім болуды армандап едіңіз?

— Мектепте оқып жүргенімде заңгер болуды армандағанмын. Мектеп бітірген соң “Ағылшын тілінің мұғалімі” мамандығына түсіп кеттім. Алайда телеарнаға жұмыс істеуді армандаған жоқпын. Кездейсоқтық және тағдыр ғой, дегенмен қазір телевидениені жанымдай жақсы көремін.

Бір кездері жұмыссыз қалған уақыттарда, кезінде кастингке шақырған қыз айтатын: “Қап, бұлай болғандай сені шақырмас едім, өміріңді бекер құрттым ғой-деп ойлайтын едім”-дейді. Қазір шүкір, бәрі жақсы.

— Гүлназ Ауданбаева шоу-бағдарлама жүргізуі мүмін бе?

yXc8JoOMtGA

— Мен негізі шоу-бағдарлама жүргізуден бастадым, “Қайырлы таң” атты бағдарламаны жүргіздім. Ол уақытта “Астана” арнасы тек қана Астанаға ғана тарайтын, кейін 5 облыста көрсететін болды.

Бізде шоу болды. Қазір мен сенімді түрде айта аламын, біз жүріп жатқан қазақ тілді шоу-бағдарламалардың негізін Данияр Есен екеуіміз қаладық десе де болады. Өйткені сол уақытта бізге режиссер “сендерге драфик керек, жүргізуші олай отырмау керек”-деген соң, көңілді қылып, әдемі жүргізетінбіз.

Біз шоу ойлап таптық. Қазір неше түрлі шоу жасап жатыр ғой, соның барлығын біз 20 жасымызда жасап кеткенбіз. Студияда отырып қағытпа сөзбен “Әй, Данияр, сен осындайсың ба?”-деген сияқты. Сонымен қатар өмірдегі фактілерді айтып, қағытпа әзілді біз ойлап таптық. Одан кейін біз үй сияқты қылып, киімдерімізді шашып тастап, студияда тазалық жасап жүріп немесе бір-біріміздің үстімізге су құйып жіберіп, қызық болатын.

Қалалық телеарна, республикалық телеарналарда болмағанды жасадық. Қазір сол қылықтарымызды қайталау мүмкін емес, ал 20 жаста бізге бәрі жарасатын еді. Әншілер де, “Ұлан” гвардиясы да, “Гүлназ бен Данияр бүгін не бүлдіреді екен деп қараймыз, сол үшін қараймыз”-дейтін. Осылайша біз жаңа жанрды халыққа қабылдаттық.

— Ал қазір шоу-бағдарлама жүргізуге ұсыныс түссе, қабылдар ме едіңіз?

— Шынымды айтайын жетінші арнадан кеткен уақытта шоу-бағдарлама жүргізу ойымда болған. Бірақ аса мүмкіндік бола қойған жоқ, ойланып-толғанып жүрген уақытта Еркін Таңатқанұлы хабарласып, “Сіздің жаңалық жүргізетін стиліңіз ұнайды, ұлттық арнаның жаңалығына кішкене реңк бергіміз келеді”-деген соң, неге бағымды сынамасқа дедім. Ұлттық арнаның ұжымы мені жақсы қабылдап, маған сеніп артып отырғасын, сол жауапкершілікті мойныма алып жүрмін.

— Шоу бағдарламадан көрі, жаныңызға жаңалықтар жүргізу жақын сияқты ғой?

lniyKWzd7K0— “Қайырлы таңды” жүргізіп жүргенде, шоудан шаршап, жаңалықтарды жүргізгім келіп, жұмыстан шығып кеткен болатынмын. Содан тілші болып, өзім барлығын жазып жүрдім. Жаңалықтарды жүргізейін деп кастингтерге бардым. Маған “шоу-бағдарламалар” ғана жүргізе аласың деп қабылдамады біразы.

Сөйтіп жүргенде “Жетінші арнаның” басшысы Бибігүл Жексенбай маған сенім артып,  жаңалықтар жүргізе бастадым. Енді керісінше, көрермендер мені жаңалықтар жүргізушісі ретінде ғана үйреніп қалған. Мүмкін сол кейіпке жақсы енетін шығармын. Алайда шоу-бағдарлама жүргізсем, баяғы әуеніме басуым да мүмкін.

— Дизайнерлік қырыңыздан танытып жүрсіз,  ол сіз үшін хобби ме?

— Бұл хобби, мен керемет дизайнер болып кеткен жоқпын. Керемет тіге аламын деп айта алмаймын. Бірақ үлкен дәрежеге жеткізгім келеді. Оған біраз уақыт керек.

— Қазір шеберлік сабағын өткізіп жүрсіз, сіздің шеберлік сабағыңыз несімен ерекше?

— Басқаларда қалай өтетінін білмейді екенмін. Өзімнің ерекшелігім, біріншіден, жүйе, екіншіден, практика, маған келген балалар спорт залдан шыққандай шығады. Олардың сілікпесін шығарамын, өзім де шаршаймын. Мен мамандығым бойынша мұғаліммін ғой. Сабақ барысында маған “көп рахмет, шын мұғалім екенсіз”-деген сияқты пікірлерді естіп жатамын.

— Жеке өміріңізге бір ғана сұрақ, инстаграм желісінде келін атанғаныңызды хабарлаған болатынсыз, бірақ той болмаған секілді ғой?

— Біз жасымыз жетіп қосылдық. 20 жастағы қыздың ақ көйлек киюі мен 30 жастағы қыздың тұрмыс құруы басқаша екен. Біз заң бойынша тіркеліп, қолымызды қойып үйлендік. Қайын жұрттың алдына барып орамал тағып, ата-енемнің батасын алдық, бізге той — сол.

7kGro1N_Bmo— “Көк жәшікті” жекешелендіріп алған әншілер мен шоумендерге көзқарасыңыз қандай?

— Өзіңе ұнайды ма? Осы сұрақты өзіңе қояйыншы

— Шыны керек өзіме ұнамайды, тойда да сол әншілер, бағдарламаны жүргізетін де, бағдарламада ән салатын да сол әншілер.

— Бағдарлама жүргізіп жүрген ұнайтын әншілер бар ма, сен үшін?

— Мен үшін ондай әнші әлі жоқ.  Дегенмен сұхбат сізден алынып отыр ғой?

— Мен үшінде дәл солай, бірақ мұным қызғаныш емес. Олар біріншіден эфирге дайындалмайды, екіншіден ар жағында ештеңе жоқтары да бар.

Мен бір қызды айтайыншы керемет биші, әнші, оның өнері маған ұнайды. Бірақ жүргізуші ретінде мен үшін нөл, ол тырысады, бірақ шықпай жатыр. Мен, мысалы, ән айтып кетсем, әншілердің тележүргізуші болған сияқты боламын. Кейде әншінің айтып тұрған сөзін түсінбей тұрғаны көрініп тұрады немесе тойдан келе сала шығып тұрғаны көрініп тұрады. Мүмкін бұны қарапайым халық байқамайтын шығар, бірақ бізге көрініп тұрады.

Бәлкім тележүргізушілік қасиеті бар әншілер  бар шығар, бірақ ондай адам туралы есіме түсер емес. Еске түспей тұрғанына қарағанда жоқ-ау деймін. Бекболат Тілеухан ағамыздың бір жақсы сөзі бар еді: “Адам әп-әдемі сөйлеп отырады, бірақ қабылданбайды. Әйтеуір бір жасандылық бар.   Не үшін екенін түсінбейсің, не үшін қабылдау алмайсың. Өйткені жасандылық бар жерде, сөзің адам жүрегіне жетпейді”-деген болатын. Кәсібилік пен жасандылық екеуі екі түрлі нәрсе.

— Cұхбатыңызға көп рахмет,  шығармашылығыңызға табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Қазақтың Әдемі қызы. Жаңалықтарды өте жақсы жүргізеді. Өзінің әдемілігімен және қазақша сөйлеу мәдинетімен көп қыздарға өнеге болатындай орны бар. Рахмет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close