Жаңалықтаржоғары

“Славян базары-2018” байқауында еліміздің намысын «Әmre» қорғайды

Аз уақыт ішінде көпшіліктің көңілінен шыққан Әmre биыл Белоруссия елінің Витебск қаласында өтетін халықаралық “Славян базары-2018” байқауында  еліміздің намысын қорғайды.

Аталмыш байқау осы жылдың шілде айында 7 мен 18-і аралық күндері Витебск байқауында өтетін болады. Байқауға Роза Рымбаева, Николай Басок, Ирина Аллегров секілді Қазақстанның және Ресейдің дарынды әншілері арнайы қонақ болады.

Естеріңізге салсақ, осы байқау арқылы Динара Сұлтан, Алишер Каримов, Мархаба Сәби сынды танымал әншілер қатысып, жүлделі орындарға ие болға болатын. Ал 2015 жылы Димаш Құдайбергенов байқауға қатысып, алғаш рет Қазақ елі осы байқауда жеңіске жеткен болатын. Димаштың жеңісін Әmre қайталайды деген оймен, оған сәттілік тілейміз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close